Ақтөбеде жаппай сенбілік өтті: көгалдандыру акциясына қала әкімі қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбеде ауқымды жалпықалалық сенбіліктер өтуде. Осындай акциялардың бірі аясында Есет батыр тұрғын алабында биіктігі 2-2,5 метр болатын 300 түп бұйра тал мен үйеңкі отырғызылды. Іс-шараға қала әкімі Азамат Бекет, Алматы ауданының ақсақалдары, мәслихат депутаттары және қоғам белсенділері қатысты.

Көгалдандыру мамандары бұл ағаштардың екі түрі де Ақтөбеде жақсы тамыр жайып, тез бейімделетініне сенімді. Отырғызар алдында топырақ бірден дәрумендік заттармен қоректендірілді. Енді жаз айларында көшеттерді суаруды аудан әкімдігі ұйымдастырады.

«Есет батыр тұрғын алабы жаңадан өсіп келе жатқан елді мекен болғандықтан көбірек ағаш егуді қажет етеді. Сонымен қатар, осы жерде тұратын халық тазалық сақтауды, жасап берген дүниелерді сындырмауды, балаларын дұрыс тәрбиелеуді ойлауы керек», – деді тал егуге келген ақсақалдардың бірі Бақыт Қабиұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1205369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді