2026 жылғы 21 сәуірде Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы отырысының 2026 жылғы 19 наурыздағы хаттамасын таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 сәуірде Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы А.М. Нугманов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы отырысының 2026 жылғы 19 наурыздағы хаттамасын таныстырды және осы хаттамаға сәйкес тапсырылған ұстанымдарды сақтау жөнінде ескерілді:

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында жақын туыстар мен аффилиирленген тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактілеріне жол бермеу, аталған бағытта жұмыстарды қатаң бақылауда ұстау;

– Кадрлық шешімдер қабылдау кезінде мүдделер қақтығысын тексеру бойынша міндетті рәсімдерді енгізу;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту;

– Жұмысқа қабылдау рәсімдерінің ашықтығын және тең қолжетімділік қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

– Жеке мүдделілік жағдайында шешім қабылдау тәжірибесін болдырмау;

– Кадрлық шешімдерге ішкі бақылау тетіктерін енгізу;

– Уәкілетті органға тоқсан сайынғы есептердің уақытылы және толық ұсынылуын қамтамасыз ету;

– Кірістер мен мүлік туралы декларацияларды уақтылы тапсыруды қамтамасыз ету;

– Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына ішкі бақылауды ұйымдастыру;

– Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу жұмыстарын күшейту;

– Бұзушылықтар анықталған жағдайда тәртіптік шараларды қолдану;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау бойынша тиісті шаралар қабылдау;

– Мемлекеттік қызметшілер мен халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру;

– Құқықтық мәдениетті және адалдық қағидаттарына бейілділікті арттыру;

– Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру;

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1205870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді