
2026 жылдың Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Тастөбе ауылдық округі Жамбыл атындағы ортамектебі оқушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және еңбек арқылы табиғатты аялауға баулу мақсатында 1–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылар табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, ресурстарды үнемдеу, ағаш отырғызу, тазалық сақтау сияқты маңызды мәселелер туралы ақпарат алды. Оқушылар табиғатты аялаудың маңыздылығын түсініп, қоршаған ортаны қорғауға, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиеленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/1206173?lang=kk

Жауап қалдыру