
Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!
Су – өмір көзі. Қазіргі таңда ауыз су тапшылығы әлемдік деңгейдегі өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты сіздерді тұрмыста суды тиімді пайдалануға және ысырап етпеуге шақырамыз.
Ауыз суды үнемдеудің қарапайым жолдары:
✅ Краннан ағып тұрған суды ашық қалдырмау
✅ Жуу, тазалау кезінде суды мөлшермен пайдалану
✅ Ақаулы құбырлар мен крандарды уақтылы жөндеу
✅ Бақша, аулаларды суаруды тиімді сағаттарда жүргізу
✅ Су есептегіш құралдарын орнату және бақылау
⛔ Ауыз суды көлік жуу, жол жуу сияқты мақсаттарға пайдалануға болмайды!
Ұмытпайық!
Әрбір тамшы – болашақ ұрпаққа аманат.
💦 Су – ортақ байлығымыз.
Келешек үшін үнемдейік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1206262?lang=kk

Жауап қалдыру