
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар айналма жол құрылысы жобасының құрылымы және әкімшілік мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиынға жол құрылысының мердігері «Сине Мидас Строй» ЖШС өкілдері, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Тұрсынбаев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезов қатысты.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев жобаның тиімді жүзеге асуы үшін жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ жергілікті жердің ерекшеліктерін ескеру қажеттігін атап өтті.
Аудан басшысы жобаның тиімді іске асуы мен жергілікті халықтың мүддесін қорғау бағытында ұсыныстарын білдірді. Жұмысқа орналастыру бойынша аудандық Мансап орталығымен бірлескен жұмыс атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, жобаның техникалық аспектілеріне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша жол өтетін аумақтарындағы ауылдық округ және қала әкімдері, жауапты сала басшыларымен бірлесіп, зерттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Жер қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1206258?lang=kk

Жауап қалдыру