
21 сәуір күні Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы «Дарын» мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара сыни ойлау дағдыларын дамытуға және радикалды ұстанымдарды тануға бағытталған психологиялық тренинг элементтері бар әңгіме форматында өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын орнықты түсінуді қалыптастыру болды.
Талқылау барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының діни саладағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндіріліп, діни әртүрлілік пен түрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығы ашып көрсетілді. Практикалық бөлімде қатысушылар радикалды және толерантты көзқарастарды ажыратуды үйреніп, түрлі пікірлерді талдап, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу тәсілдерін қарастырды.
Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай ашық диалог форматы құқықтық мәдениетті нығайтуға және сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-udr/press/news/details/1206092?lang=kk

Жауап қалдыру