
2026 жылы 22 сәуірде А.Ө. Тишбаеваның төрайым етуімен табиғатты қорғау, дене шынықтыру және спорт, жастар істері, тарихи мұраны қорғау, мәдениет, денсаулық сақтау, халықтық білім беру, әлеуметтік саясат мәселелері бойынша аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Депутаттар «Есеп беру кезеңінде бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру мен 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» сұрағын қарастырды.
Депутаттар Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Н.В. Тимашованың есебін тыңдап және талқылай келе белгіледі: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бастап іске асырылуда, оның басты мақсаты – ауылдық жерлерде кадрлық тапшылықты жою, осы мемлекеттік жоба аясында жас мамандарға 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы мен тұрғын үйді салу немесе сатып алу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылады: ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге айлық есептік көрсеткіштің 2500 АЕК (екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада), ауылдық елді мекендерге (айлық есептік көрсеткіштің 2000 АЕК екі мың еселенген мөлшерінде аспайтын сомада).
Комиссия Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне мамандарға бюджеттік кредит пен көтерме жәрдемақыны төлеу бойынша көрсетілетін қызметтердің санын ұлғайтуды ұсыну.
Депутаттар осы сұрақтар бойынша сәйкес қаулы қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1206305?lang=kk

Жауап қалдыру