БАСҚАРМА БАСШЫСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕ АЛҒАН СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқарма басшысы Василий Алексеевич 2026 жылғы Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен елордалық спортшыларды арнайы қабылдады.

Атап айтқанда, Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында өткен әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері Гүлмарал Еркебаева, сондай-ақ Қатар мемлекетінің Доха қаласында өткен стендтік атудан Азия чемпионы Адель Садақбаева және олардың жеке бапкерлері қабылдауға қатысты.

Жиын барысында Василий Левит спортшылардың халықаралық аренадағы нәтижелерін жоғары бағалап, ел намысын лайықты қорғағаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, олардың жаттықтырушыларына кәсіби шеберлігі мен ел спортын дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Кездесуде алдағы жарыстарға дайындық мәселелері қаралып, спортшылар мен бапкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Өз кезегінде спортшылар көрсетілген қолдау үшін алғыс білдіріп, болашақта да жоғары нәтижелерге жету жолында бар күш-жігерлерін салатындарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1206567?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді