2026 жылдың 22-сәуірінде жалпы білім беретін мектептердің 8-11-сынып оқушылары арасында өткен ХХVІІ республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 22-сәуірінде жалпы білім беретін мектептердің 8-11-сынып оқушылары арасында өткен ХХVІІ республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде “Әнді сүйсең менше сүй” (Абай, Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау) номинациясы бойынша “№46 ЖОББМ” КММ-нің 8-сынып оқушысы Ерболов Ерали 1 дәрежелі дипломмен марапатталып,республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Конаева Салтанат Базарбековна. “Абайдың ақын шәкірттері”-Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша мектебіміздің 10-сынып оқушысы Сұлтан Алмас жүлдеді 1-орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 9 «Б» сынып оқушысы Айару Арғынғалиева жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Р.К.Жумабекова.Бұл жетістіктер- шәкірттің таланты мен ұстаз еңбегінің жемісі!Республикалық кезеңге жолдама алғандарға сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1206628?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді