
Қазір Отбасы банк кезектегілер арасында инвертаризация жүргізіп жатыр – бұл деректерді жаңарту және кезектегі мәртебесін сақтау үшін міндетті қадам.
Инвертаризация деген не?
Бұл ақпараттың дұрыстығын тексеру; қателіктер мен қайталауларды жою, сондай-ақ азаматтың тұрғын үйге шын мәнінде мұқтаж екенін растау.
Инветаризациядан қалай өтуге болады?
1. orken.otbasybank.kz сайтына кіріп, ЭЦК арқылы авторизациядан өтіңіз.
2. Жеке кабинетке кіріңіз.
3. Жеке деректерді өңдеуге келісім беріңіз.
4. “Инвентаризация” бөлімін таңдаңыз.
5. Өзекті мәліметтерді растаңыз.
6. Сақтау түймесін басыңыз.
7. Егер көрсеткіштер қате – дұрыс деректерді көрсету үшін тізімінен шығып, қайтадан жеке кабинетке кіріңіз.
Бұл тек бірнеше минут уақыт алады, бірақ тұрғын үй алу құқығыңызға тікелей әсер етеді. Деректеріңіздің өзектілігін сақтау үшін бүгіннен бастап тексеріңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-beloye/press/news/details/1206744?lang=kk

Жауап қалдыру