Көктемгі дала жұмыстарының барысы таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5 сәуір 2026 жылы аудан аумағындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысу мақсатында бірқатар шаруа қожалықтары араланды.

Ақтұма ШҚ қант қызылшасы алқабында көктемгі жұмыстар жоспарға сай жүргізілуде. Диқандар егіс науқанына тыңғылықты дайындықпен кіріскен.

Байгужанов шаруа қожалығы ауданымызға майлы дақылдардың НУТ түрін егу жұмыстарын бастап, 500 гектар алқапқа тұқым себуді қолға алған.

Жазылбек КК шаруа қожалығы барлық агротехникалық талаптарды сақтай отырып, арпа дақылын сеуіп жатыр.

Жаңа технология талаптарына сәйкес Беков шаруа қожалығы 500 ат күшіне ие Класс тракторын тіркемелерімен пайдаланып, көктемгі дала жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Көктемгі егіс науқаны барысында негізгі дақыл — қант қызылшасын себумен Самат Агро шаруашылығы де белсенді кіріскен. Көлбай ауылдық округі аумағында жұмыстар қызу жүріп жатыр.

Жалпы аудан бойынша көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, шаруалар заманауи техника мен озық технологияларды пайдалана отырып, егіс науқанын сапалы жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1206808?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді