
Ақмола облысында «Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің қорытындылары шығарылды. Бұл жоба балаларға музыка мен сәндік-қолданбалы өнер арқылы өз қабілеттерін көрсетуге, жарқын әсерлер алып, сахналық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Байқау шын мәнінде шығармашылық пен шабыттың мерекесіне айналды. Облыстық кезеңге Ақмола облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің 25 тәрбиеленушісі қатысып, бес номинация бойынша 16 жұмыстар ұсынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар тек өз таланттарын ғана емес, сонымен қатар мінездерінің беріктігін, дамуға деген ұмтылысын және толқуды жеңе білу қабілеттерін көрсетті. Көпшілігі үшін бұл байқау жаңа жетістіктерге бастар маңызды қадам болды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Үздік декломатор» — Сикова Маргарита № 6 ППТК, Бурабай ауданы, Щучинск қ.;
«Алтын дауыс» — Қанат Фатима (№ 18 ППТК, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы);
«Кішкентай биші» — Қантемір Құрманғали № 2 ППТК, Ерейментау ауданы, Ерейментау қ.;
«Оркестр» — Досбол Абдуллаһ, Азнабеков Альтаир, Кабденова Аида, Әбілқасым Айшаханым, Саттаров Алихан № 18 ППТК, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы;
«Шебер қолдар» — Дёгтев Вадим № 4 ППТК, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы.
Жеңімпаздардың жұмыстары Республикалық байқаудың финалдық кезеңіне жолданды.
Барлық қатысушылар мен педагогтарды құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1206805?lang=kk

Жауап қалдыру