Астанада мәслихат депутаты зейнеткерлермен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астананың Байқоңыр ауданына қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында қалалық мәслихат депутаты Қанат Естек тұрғындармен есептік кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында депутат атқарылған жұмыс жөнінде баяндап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер көтеріліп, олардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1206870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді