«YNTYMAQ» САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КЕЛІСІМІНЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандық «YNTYMAQ» шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен және «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастық» заңды тұлғалар бірлестігімен 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Аталған өңірлік келісімнің басты мақсаты – еңбеккерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және еңбек қатынастарын заман талабына сай дамыту. Құжат аясында жұмыс орындарын сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету, негізсіз қысқартуларға жол бермеу секілді маңызды міндеттер қамтылған. Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ұжымдық шарттар жасасу, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құруға қолдау көрсету және олардың тиімді қызмет етуіне жағдай жасау мәселелері де назардан тыс қалмаған.
Бұл келісім тараптар арасындағы өзара сенімді арттырып, әлеуметтік әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді. Нәтижесінде өңірдегі еңбек қатынастарының тұрақтылығы нығайып, кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы өзара түсіністік күшейе түседі.
Жалпы, келісімнің негізгі мақсаты – еңбек адамының құқығын қорғау, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту және тұрақты жұмыспен қамтылуына қолайлы орта қалыптастыру.
Алдағы кезеңде келісім шеңберінде нақты іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып, оның орындалуы тұрақты бақылауда болады.
Сондай-ақ, бұл бастамаға қатысты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Исламғали Бітік аталған келісім өңірдегі әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және еңбек қатынастарын жүйелі түрде дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1206984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді