Прокуратура «Павлодар» АЭА-да 2,7 млрд теңгеге жобаны іске асыруды қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Павлодар қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында металл бұйымдарын өндіру жөніндегі жобаны іске асыратын «Angolt GmbH» ЖШС инвестордың құқықтарын қалпына келтірді.

Инвестициялық жоба өңірдің өнеркәсіптік дамуы үшін маңызды болып табылады және Жалпыұлттық пулға енгізілген.

Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап инвестор мемлекеттік органдар тарапынан келісу рәсімдерінің ұзаққа созылуына байланысты жер учаскесін ала алмағаны анықталды.

Уәкілетті органның қорытындысы негізінде инвесторға жер учаскесін алудан бас тартылды.

Қала прокуратурасы инвестордың құқықтарын қорғау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен кеңес ұйымдастырды.

Оның қорытындысы бойынша ауданы 1 гектарға жуық жер учаскесін беру туралы шешім қабылданды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.

Павлодар облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (701) 578-47-15 телефоны немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1207012?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді