Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті.

Сот жюриінің қарауына 13 судьяға қатысты 15 тәртіптік материал енгізілді. Бір судьяға қатысты үш тәртіптік материал бір тәртіптік іс жүргізуге біріктірілді.

Қарау нәтижелері бойынша 3 судья сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзуға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды (бір судьяға – ескерту, екеуіне – сөгіс түріндегі шаралар қолданылды).

Сонымен қатар, облыстық соттың сот алқасының төрағасына қатысты лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны, сот ісін қарау барысында заңдылықты өрескел бұзғаны және судья әдебінбұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасы өкілеттігін тоқтата отырып, судья кызметінен босату түріндегі шара қолданылды.

7 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізулер тоқтатылды, оның ішінде алтауына қатысты – олардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты және біреуіне қатысты – орын алған бұзушылықтың теріс құқықтық салдары болмай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соқтырмай, маңыздылығы шамалы болуына байланысты.

Бұдан басқа, 2 судьяға қатысты тәртіптік материалды қарау кейінге қалдырылды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, себебі судья тәртіптік жазаны Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Судьяларға қатысты тәртіптік рәсім бір мезгілде заңдылық пен кәсіби әдепті сақтауға, сондай-ақ судьяларды ықтимал қысымнан қорғауға және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен Сот жюриінің жұмысы қайта құрылып, тәртіптік рәсімдердің ашықтығы күшейтілді және адал судьяларды соттар басшылығы тарапынан болуы мүмкін қысымнан қорғау қамтамасыз етілді. Мұндай тәсіл судьялардың тәуелсіздігін нығайтып, олардың конституциялық құқықтарының сақталуына кепілдік береді және тәртіптік материалдарды қарау жүйесіне деген сенімді арттырады.

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі әрбір материалды объективті әрі бейтарап қарауды, тәртіптік шараларды әділ қолданудың барлық кепілдіктерін сақтауды және судьялардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1207081?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді