Облыстық мәслихатының депутаты Б.Нүрпеисов пен аудандық мәслихатының депутаты Ж.Қ.Тұрабаев сайлаушылардың алдында есеп берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22-ші сәуір күні облыстық мәслихатының депутаты Б.Нүрпеисов және аудандық мәслихатының депутаты Ж.Тұрабаев Құйған ауылының тұрғындарымен  кездесіп, аудандық мәслихатының депутаты Жайлаухан Қозыханұлы өзінің жылдық есебін ұсынды. Кездесуге Құйған ауылдық округінің әкімі,Құйған ауылдық округінің полиция қызметкері қатысты.

Жайлаухан Қозыханұлы Құйған округіндегі 2025 жыл көлемінде атқарылған жұмыстар, қатысқан іс-шаралар туралы, жеке қабылдаулар барысында түскен сұрақтар бойынша, депутаттық сауалдардың орындалу барысы туралы баяндады.

 Есепті кездесу барысында сайлаушылар депутаттарға атқарылған жұмысы үшін алғыс сөздерін айтып, өз сұрақтарын жолдауды жалғастырды. Құйған ауылының тұрғындары ауылдағы ішкі жолдардың асфальт төсеу қажеттігін, қараусыз жүрген малдар, көше тазалығы, қаңғыбас иттер туралы бірнеше мәселелер көтерді.

 Облыстық мәслихатының депутаты Болат Жұмабекұлы мен аудандық мәслихатының депутаты Жайлаухан Қозыханұлы туындаған барлық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі түсініктеме берді де, барлық айтылған мәселелер бақылауға алынатындарын жеткізді.

Депутаттар сайлаушылардың қолдауы мен сенімдері үшін алғыстарын білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1207087?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді