ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
🔰Қазіргі таңда қаладағы Ә.Жангелдин көшесінде ауқымды жол құрылысы жүргізілуде. Теміржол аумағындағы бұрынғы 2 жолақты жолдың орнына заманауи талаптарға сай 4 жолақты автомобиль жолы салынуда. Сонымен қатар, су ағызу науалары орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол мен веложол құрылысы қатар жүргізілуде.
🔰Жаңартылып жатқан жолдың жалпы ұзындығы 600 метрді құрайды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын сәуір айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1207152?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді