ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың Словакия Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев Словакия Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Қоршаған орта министрі Томаш Тарабамен кездесу өткізді.

Екіжақты кездесу аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Словакия Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін, оның ішінде климаттың өзгеруі, орман шаруашылығын дамыту, биоалуантүрлілікті сақтау, сондай-ақ заманауи экологиялық технологияларды енгізу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Министр сөз барысында орман қоры аумағын ұлғайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы словак тарапын хабардар етті.

Орман өсіру мәселелеріне ерекше назар аударылды, оның ішінде сапалы отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету және жабық тамыр жүйесі бар орман питомниктерін дамыту мәселелері қарастырылды. Осыған байланысты қазақстандық тарап тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды дамытуға қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар көміртекті жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары, оның ішінде құқықтық реттеу және көміртек бірліктерін есептеу әдістемелері талқыланды.

Еуропалық Одақ стандарттарын ескере отырып, қалдықтарды басқару саласында экологиялық қауіпсіз шешімдерді енгізу және циркулярлық экономика қағидаттарына көшу мәселелері де қаралды.

Өз кезегінде Томаш Тараба Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниеттерін растады және экологиялық мәселелерді шешуде өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1207145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді