
Астанада Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйі қаралып, құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Алматы ауданының прокуроры Нұрлан Тойшыбеков, осы ауданның Полиция басқармасының басшысы Әлібек Қожахметов, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдарының өкілдері мен ауданға қарасты мектеп директорлары қатысты.
Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің басшысы Ақылбек Қуат балалардың мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген талдау барысын баяндады.
Ол мектептердегі күзет қызметін жетілдіруге, Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылып жатқан «Балалық шақтың цифрлық қорғаушысы» жобасын енгізуге, аудан мектептерінің басшыларына прокуратура органдарымен өзара іс-қимылды күшейтіп, оқушылар тарапынан құқық бұзушылықтарды ерте анықтауға бағытталған жұмысты жандандыру бойынша ұсынысын айтты.
#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1207172?lang=kk

Жауап қалдыру