Ерекше бақылау және қадағалау объектілерінің мониторингі бойынша жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН, 23 сәуірде, Департамент басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанованың төрағалығымен қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшыларымен онлайн-кеңес өтті. Жиын барысында иммундық профилактика және туберкулез мәселелері бойынша ерекше бақылау мен қадағалаудағы объектілерге мониторинг жүргізу барысы талқыланды.

Кеңес барысында ҚР Мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің «Ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг жүргізу туралы» № 1-РГСВ Шешімінің орындалуы бойынша ағымдағы жағдайға талдау жасалды: мониторинг жүргізу мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелген объектілердің саны талданды, ерекше бақылаудағы объектілерге іс жүзінде бару бойынша өзекті мәліметтер айтылды, анықталған бұзушылықтардың статистикасы мен сипаты зерделеніп, жергілікті жерлерде профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру кезіндегі  қателіктер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша басқарма басшыларына жүргізіліп жатқан мониторингтің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1207238?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді