ТУРИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ. ТУРИСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2001 ЖЫЛҒЫ 13 МАУСЫМДАҒЫ N 211 ЗАҢЫ.

ТУРИСТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ТУРИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристің:

  1. өзінің жеке басына немесе мүлкінің қауіпсіздігіне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристік өкілдіктерге өтінішпен жүгінуіне;

  2. уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың әдет-ғұрпы туралы, діни салт, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы қажетті және дұрыс ақпарат алуға;

  3. еркін жүріп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристік ресурстарға еркін қол жеткізуге;

  4. туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристік қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтірілген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелуіне;

  5. шұғыл медициналық жәрдем алуға;

  6. шетелдік туристердің құқықтық көмек және көмектің өзге де түрін алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарының жәрдемдесуіне;

  7. туристердің қолда бар байланыс құралдарына кедергісіз қол жеткізуіне құқығы бар.

Туристердің өзге құқықтары болатын елдің (жердің) заңдарымен айқындалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1207266?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді