ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕЛІМІЗДЕГІ ҮШІНШІ ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, кәсіпкер- меценат Эдуард Огай, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен еліміздегі үшінші Президенттік кітапхананың іргетасын қалау рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты 23 сәуір – Ұлттық кітап күнімен, кітапханашылардың кәсіби мерекесімен және жаңа кітапхана құрылысының басталуымен құттықтады. Рәсімде Эдуард Викторович, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Шәкизада Әбдікәрімов сөз сөйледі. Демеушілікпен 20 млрд.теңгеге салынатын, аумағы 13 мың шаршы метр, сәулетті, жаңа кітапхана заманауи талаптарға сай болады. Ғимаратта оқу, конференц, басылым, архив пен сирек қорға арналған залдар, электрондық кітапхана, әлем әдебиеті бөлімі мен өнер галереялары, көрме, коворкинг орталықтары, қалпына келтіру шеберханасы қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/1207437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді