ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҮНГІ КЕЗЕҢДЕ ДЕ ҮЗДІКСІЗ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары тәулік бойы, оның ішінде түнгі мезгілде де қарқынды жүргізілуде.
Жоба аясында жолдың ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, орнына заманауи талаптарға сай қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде.
Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде және нысанды сәуір айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Жобаның сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мердігер ұйымдар қажетті арнайы техника мен жұмыс күшін жұмылдырып, жұмысты жедел әрі талапқа сай орындауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1207505?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді