ЖАНГЕЛДИН КӨШЕСІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда Сауран секторына қарасты Ә.Жангелдин көшесінде ауқымды жол құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, теміржол аумағындағы бұрынғы 2 жолақты жолдың орнына заманауи талаптарға сай 4 жолақты автомобиль жолы салынуда. Сонымен қатар, су ағызу науалары орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол мен веложол құрылысы қатар жүргізілуде.
Жаңартылып жатқан жолдың жалпы ұзындығы 600 метрді құрайды. Жоба бойынша құрылыс жұмыстарын сәуір айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1207504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді