
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мен Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің қызметкерлері өңірдегі қауіпті өндірістік объектілердің иелерімен маңызды кездесу өткізді. Шараның басты мақсаты — өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бизнес-процестерді цифрландыру мәселелерін жан-жақты талқылау. Кездесу барысында жаңа нұсқаулықтар әзірленіп, IT-технология мамандарын тартудың тиімді жолдары қарастырылды. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар бірқатар ұсыныстар енгізіп, оларды әрі қарай пысықтау жөнінде келісімге келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1207757?lang=kk

Жауап қалдыру