
БҮГІН, 24 сәуірде, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Jusan med» ЖШС-де дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға діни ұйым өкілдері, вакцинациядан бас тартқан ата-аналар қатысты.
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Жанар Беркімбаева қатысушыларға иммундаудың маңыздылығын түсіндіріп, қойылған барлық сұрақтарға жауап берді. Ол вакцинация инфекциялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін және екпе аурудан кейінгі асқынулардың алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
“Иммунизация вакцинация арқылы инфекцияларға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған. Бұл инфекциялар мен олардың ауыр салдарынан қорғанудың жалғыз жолы”, – деді Жанар Беркімбаева.
Дөңгелек үстелге қатысқандарға уақтылы иммундау арқылы балаларын қорғауға кеңес берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1207835?lang=kk

Жауап қалдыру