
Жуырда, 18-ші сәуір күні Ақжал кентінде садақ атудан «Akzhal Cup» жарысы өтті.
Аталған жарыс Nova-Цинк кәсіпорны мен Ақжал кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Ашылу салтанатында Шет ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нықаш Дидар Аманжолұлы құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Қарағанды, Жаңаарқа, Ақадыр және Баянауыл өңірлерінен келген білікті садақ атушылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тартысты өткен додада спортшылар жоғары дайындықтарын көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Мұндай жарыстар ұлттық спорттың дамуына серпін беріп, бұқаралық спортты насихаттауға үлкен үлес қосады.
Барша қатысушыларға алдағы жарыстарда табыс тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1207830?lang=kk

Жауап қалдыру