«Әртүрлі санаттағы әкімшілік істер бойынша тыңдау рәсімін сақтау мәселелері жөніндегі сот практикасы» тақырыбындағы дөңгелек стол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸2026 жылдың 23 сәуірінде Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ұйымдастырған «Әртүрлі санаттағы әкімшілік істер бойынша тыңдау рәсімін сақтау мәселелері жөніндегі сот практикасы» тақырыбындағы дөңгелек стол жұмысына қатысты.

🔹Іс-шара барысында құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері, оның ішінде тыңдау рәсімдерін жүргізу ерекшеліктері, олардың шешім қабылдаудағы маңызы, сондай-ақ тәжірибеде туындайтын проблемалық аспектілер талқыланды. Қатысушылар әкімшілік істерді қарау кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету бойынша пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1207875?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді