Депутаттар аудандық бюджеттің атқарылуын тыңдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылғы 24 сәуірде аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Комиссия «Федоров ауданы бюджетінің 2025 жылы атқарылуы туралы» және «Федоров ауданы ауылдық округтері және Новошумный ауылы бюджеттерінің 2025 жылы атқарылуы туралы» мәселелерін қарастырды.

Осы мәселелер бойынша Федоров ауданы әкімінің орынбасары К.К. Муратова негізгі баяндаманы жасады.

2025 жылы «Федоров ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы  аудан әкімінің орынбасары К.К. Муратова хабардар етті, сондай-ақ «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы К.А. Муканов, «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Г. Коваленко ақпарат берді.

Екінші мәселе бойынша Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А. Бакитжанов баяндады.

Барлық қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.

Талқылағаннан кейін депутаттар тиісті қаулыларды қабылдады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1207917?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді