
Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Саммит қорытындысы бойынша 4 маңызды құжатқа қол қойылғаны хабарланды.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. «Халықаралық Аралды құтқару қорына Қазақстан Республикасының төрағалық ету барысы туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
2. «26 наурызды Арал теңізінің, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау жөнінде» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
3. «Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
4. Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана мәлімдемесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-araltogay/press/news/details/1207916?lang=kk

Жауап қалдыру