Ұлттық кітап күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 23 сәуір күні Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Тастөбе ауылдық округі Жамбыл атындағы орта мектебі Қазақстан Республикасында аталып өтетін «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай білім беру ұйымында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында кітапханашы С.Жусыпбаева танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбие берудегі рөлі туралы кеңінен түсіндірілді. Мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары таныстырылды. Сонымен қатар, «Кітап – білім бұлағы» тақырыбында пікірталас, әдеби викторина, мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. Оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, жазушылар шығармашылығына шолу жасады. Белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, кітап оқудың пайдасы мен маңыздылығы туралы қорытынды жасалды. «Ұлттық кітап күніне» арналған бұл іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/1207937?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді