Атырау облысының әкімі Моңғолияның Mongolian Ore Bal LLC тау-кен компаниясының бас директоры Фу Танмен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Моңғолияның тау-кен өндіруші Mongolian Ore Bal LLC компаниясының бас директоры Фу Танмен кездесу өткізді.

Кездесу Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты нығайту аясында өтті. Бұл бағыт Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының және бұған дейінгі келісімдер нәтижесінде жаңа серпін алды.

Тараптар өнеркәсіп, логистика және өндіріс салаларындағы екіжақты әріптестіктің перспективаларын талқылады.

Негізгі тақырып Mongolian Ore Bal LLC мен Атырау вагон жасау зауыты арасында жасалған 100 жүк вагонын жеткізу туралы келісімшартқа қатысты болды. Бұл — Қазақстаннан Моңғолияға жүк вагондарын экспорттау бойынша жасалған алғашқы келісім.

Серік Шәпкенов мемлекетаралық деңгейдегі уағдаластықтардың экономикалық байланыстарды дамытудағы маңызын және оның өңірлік ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ұсынатынын атап өтті.

Кездесуге TEXOL компаниясының басқарма төрағасы Шота Абхазава да қатысты. Оның айтуынша, люкті жартылай вагондардың алғашқы легі келісімге қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде жеткізіледі.

Облыс әкімі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін және серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.

Қос тарап ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға уәделесті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1208014?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді