
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері КГУ «Антонов орта мектебі» ұжымымен бірлесіп аумақты көгалдандыру жұмыстарын жүргізді 🌿
Мектептің және оған іргелес аумақта 100 түп қайың көшеті отырғызылды. Бұл — тек абаттандыру жұмысы ғана емес, балалар мен ауыл тұрғындары үшін жайлы әрі экологиялық таза орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.
Осындай игі бастамалар баршамызды біріктіріп, табиғатқа деген қамқорлық әрқайсымыздан басталатынын көрсетеді 💚

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-telman/press/news/details/1207983?lang=kk

Жауап қалдыру