«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты І форум аясында Бәйтерек ауданының кәсіпкерлері белсенді қатысып, өз өнімдері мен жобаларын кеңінен таныстырды.
Киіз үй форматында ұйымдастырылған көрме барысында ауданның ауыл шаруашылығы мен экономикалық әлеуетін айқындайтын табиғи әрі сапалы өнімдер ұсынылды. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық жобалары да көпшілік назарына ұсынылып, жас буынның ізденісі мен жаңашылдығы көрініс тапты.
Көрме қатысушылары өз еңбектерінің нәтижесін таныстырып қана қоймай, тәжірибе алмасып, өзара іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікті дамытуға, жергілікті өнімді қолдауға және ауданның экономикалық белсенділігін арттыруға серпін беретін маңызды алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1208037?lang=kk

Жауап қалдыру