«Абай қырандары» халықаралық аренада: намысты қолдан бермеген күміс жүлде!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19–25 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының Чирчик қаласындағы Әскери қауіпсіздік және қорғаныс университетінің Құрлық әскерлері институты базасында Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен «Vatanparvarlar» халықаралық әскери-спорттық жарысы Әмір Темірдің 690 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Аталған жарыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, шетел мемлекеттері жастары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен мәдениетке төнетін қауіптер мен жат идеялардан мектеп оқушыларын қорғау.

Жарысқа келесі мемлекеттерден Қазақстан, Азербайжан, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікістан, Ресей, Өзбекстан командалары қатысты.

Бұл беделді додада Қазақстан Республикасының намысын Абай облысының «Абай қырандары» құрама командасы қорғап, жалпы командалық жүлделі 2 орынға ие болды.Келесі сайыстардан жүлделі орындарды иеленді:

Әскериленділген эстафета 1 opын;

Мылтық атудан 2 орын;

Аркан тарту 1 орын;

Белтемірге тартылудан 2 орын;

Алғашқы медициналық көмек көрсетуден 3 орын;

Автоматты толық емес бөлшектеу жинақтау 2 орын;

«Абай қырандары» командасын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1208230?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді