Облыс прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 сәуірде облыс прокуроры Руфат Құттықовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа облыстық департаменттер мен бейінді басқармалардың басшылары, сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Отырыс барысында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары тарапынан кәмелетке толмағандардың, оның ішінде әлеуметтік осал отбасылардағы балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар талқыланды.

Облыс прокуроры балалардың құқықтарын қорғау және тәуекел тобындағы отбасыларды қолдау басым бағыт болып табылатынын атап өтіп, профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар әзірленді.

 Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1208212?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді