
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде нысандардың антитеррорлық қорғалуын қамтамасыз ету және қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын іске асыру шеңберінде террористік сипаттағы қатерлердің алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені қамтамасыз етіледі.
Атап айтқанда:
-нысандардың антитеррорлық қорғалу паспорттары бекітілді және өзектендіріліп отырады;
-бейнебақылау, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйелерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілді;
-өткізу жүйесі мен нысан ішіндегі режимнің сақталуын бақылау ұйымдастырылды;
-қызметкерлерге террористік акт қатері төнген немесе ол жасалған жағдайдағы іс-қимылдар бойынша нұсқаулықтар мен оқытулар өткізіледі;
-құқық қорғау және арнайы органдармен өзара іс-қимыл жасау алгоритмдері жүйелі түрде пысықталады;
-нысандардың инженерлік-техникалық нығайтылу жай-күйіне тексеру жүргізіледі.
Қызметкерлердің қырағылығы мен қауіпсіздік шараларын сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Әрбір қызметкер күдікті заттар немесе тұлғалар анықталған кездегі, сондай-ақ қатерлер туралы ақпарат алған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы хабардар етілген.
Антитеррорлық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс Департамент басшылығының тұрақты бақылауында және құзыретті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1208259?lang=kk

Жауап қалдыру