
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – азаматтарға құқықтық кеңес беру, олардың өзекті мәселелерін заң аясында шешу жолдарын қарастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Қабылдауға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжанат Баетова, консультант Жазира Салибаева, заңгер Сәкен Искаков, адвокат Қуаныш Телькозиев, «Шымкент қаласы заңгерлер палатасының» заң консультанты Нұрлан Мырзабай, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлім-филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Дилдахмет Бухарбаев қатысты.
Жиын барысында азаматтар жеке қабылданып, олардың өтініштері жан-жақты қаралды. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен банк алдындағы берешек, жер дауы және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң аясында шешу жолдары ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1208305?lang=kk

Жауап қалдыру