ТЖМ әскери бөлімдеріндегі қызмет — ерлікке бастар жол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы ТЖД Қорғаныс істері департаментімен бірлесіп, жастарды азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне тарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Сарысу ауданында өткен кездесуде жастарға азаматтық қорғаныстың міндеттері мен әскери қызмет шарттары түсіндіріліп, құтқарушылар қызметі туралы бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар мерзімді қызмет, әлеуметтік кепілдіктер және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Құтқарушы мамандығының маңыздылығы атап өтілді. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық рухын арттырып, дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1208304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді