
«Павлодар химия-механикалық колледжі» КМҚК-да «Токарь ісі» мамандығы бойынша лицензияға қосымша беру үшін біліктілік талаптарына сәйкестіктін анықтау мақсатында рұқсаттық бақылау жүргізілді.
Аталған мамандық бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін заманауи материалдық-техникалық жабдықтар, қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алынды, шеберханалар мен зертханалар жабдықталды, сондай-ақ арнайы пән оқытушылары өндірісте бейіні бойынша тағылымдамадан өтті.
Бұл мамандық бойынша кадрлар даярлау өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды заманауи жоғары технологиялық өндіріс жағдайында жұмыс істеуге қабілетті кәсіби ресурстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1208363?lang=kk

Жауап қалдыру