
2026 жылғы 23 сәуірде Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Махмутовтың, Қызылтөбе ауылдық округінің әкімі Н. Бековтің, сондай-ақ учаскелік және ювеналдық полиция инспекторлары мен ауыл ақсақалдарының қатысуымен халықпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге қойылған негізгі міндеттер таныстырылды. Сонымен қатар аудан аумағында жиі кездесетін мал ұрлығы, интернет-алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ мопед, скутер және автокөліктерді кәмелетке толмағандардың басқаруына жол бермеу, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуін қадағалау және полицияға деген қоғамдық сенімді нығайту мәселелері талқыланды.
Жиын барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелерге қанағаттанушылық білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DXfJz-fCtCI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1208369?lang=kk

Жауап қалдыру