Таразда «таза қазақстан» акциясы аясында республикалық акция өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ертең, 25 сәуір күні Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жаңа форматтағы ауқымды іс-шара ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Тараз қаласы «Қарасу» шағын ауданындағы «Денсаулық» саябағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына бағытталған экологиялық акция өтеді.

Акция барысында 200 түп ағаш отырғызылып, оның ішінде айланд, ясень және пирамидалық терек көшеттері егіледі.

Сонымен қатар, саябақ аумағында жаппай сенбілік өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар, еріктілер және қала тұрғындары қатысады деп күтілуде.

Экологиялық акция «Таза Қазақстан» бастамасы аясында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және өңірдің жасыл белдеуін кеңейтуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1208441?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді