Комитет мамандары қытайлық әлеуетті инвесторлармен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті инвестициялық қызмет субъектілерін тұрақты негізде қабылдауды жүзеге асырады.

Бүгін Комитет өкілдері әлеуетті қытайлық инвесторларға капитал салу шарттары мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Елімізде инвесторлардың құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық тетіктер кешеніне, оның ішінде инвестициялардың қол сұғылмауына берілетін кепілдіктерге ерекше назар аударылды.

Жалпы, Комитет инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеуді белсенді түрде жалғастырып, оларды іске асыру барысында туындайтын инвесторлардың мәселелеріне жедел ден қоюда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1208483?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді