Қазақстан әйелдер командасы Азия жағажай ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдағы ойынын өткізді.

Бас жүлде үшін тартысты матчта қазақ ватерполшылары Қытай командасымен кездесіп, 1-3 есебімен жол берді. Осыған дейін біздің команда Гонконг және Таиланд командасын айқын басымдықпен жеңген.

​Осылайша, Қазақстан қоржынындағы медаль саны бесеуге жетті.
Алтын: Нұржан Батырбеков (джиу-джитсу);
Күміс: Су добынан әйелдер құрамасы;
Қола: Батыр Теңізбай, Әлинұр Қуатұлы және Сейілхан Болатбек (джиу-джитсу).

Айта кетейік, бұл кешенді жарыс биыл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезеңі саналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1208480?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді