Қазақстан Елшісі Молдова Республикасының Денсаулық сақтау министрі Э.Чебанмен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кишинев, 2026 жылғы 22 сәуір. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Денсаулық сақтау министрі Эмиль Чебанмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында денсаулық сақтау және фармацевтика салаларындағы Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.

Іс-шараға медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық өнімдер өндіруде 27 жылдық тәжірибесі бар қазақстандық «DOLCE» компаниясының өкілдері И.Ван және Ж.Ержан қатысты. Компания тоқыма емес материалдар мен пластиктен жасалған өнімдерді, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге маманданған және әзірлеу мен зарарсыздандырудан бастап буып-түю мен таратуды қамтитын толық өндірістік циклді қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезеңде компания Молдова Республикасының нарығына шығу мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны атап өтілді.

Талқылау барысында екі тарап үшін өзара қызығушылық тудыратын ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалы бағыттары айқындалды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі тереңдетуге және бірлескен бастамаларды практикалық тұрғыда іске асыруға өзара мүдделілік білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/1208520?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді