Ақтөбе облысында ауылдарда өрт сөндіру пункттері салынып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2026 жылғы наурыз айында облыс әкімі А.Шахаровтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында берілген тапсырмалар кезең-кезеңімен жүзеге асырыла бастады.

Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар министрі бекіткен өрт сөндіру пункттерін құру жоспары аясында бірқатар ауылдық елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары қолға алынды. Қазіргі уақытта Әйтеке би ауданына қарасты Жамбыл, Ақтасты және Ұлғайсын ауылдарында, сондай-ақ Ойыл ауданының Сарбие ауылында жаңа нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

Жоба ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Мамандардың айтуынша, жаңа пункттер іске қосылғаннан кейін төтенше жағдайларға әрекет ету уақыты айтарлықтай қысқарып, тұрғындардың қауіпсіздігі артады.

Жалпы өңірде азаматтық қорғау жүйесін дамыту аясында ауқымды жұмыс жоспарланған. Биыл облыс аудандарында 25 жаңа өрт сөндіру пунктін ашу, сондай-ақ қолданыстағы 5 нысанды жаңғырту көзделіп отыр.

Жауапты органдар бұл шаралар ауылдық аумақтарды өрттен қорғау деңгейін едәуір арттырып, төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1208779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді