
Қазығұрт өңірінде киелі мекеннің тарихи-рухани құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған тағылымды кездесу өтті.
Аталған жиынға Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, Кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі Талғат Теменов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, «Айғақ» телерадиокомпаниясының басшысы Дулат Әбіш және түсірілім тобының мүшелері қатысты. Кездесуге аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, өңірдің тарихи-танымдық әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды.
Жиын барысында Қазығұрт тауы мен оның аумағындағы киелі орындардың тарихы, ел жадындағы маңызы кеңінен сөз болды. Қонақтар өңірдің табиғи сұлулығы мен аңызға толы мұраларын насихаттау – бүгінгі ұрпақтың маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Әсіресе, Қазығұрттың туризм саласын дамытудағы мүмкіндіктері, тарихи орындарды жаңғырту және оларды заманауи форматта таныстыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу аясында Айғақ телерадио компаниясы тарапынан өңірдің тарихи келбетін, мәдени ерекшеліктерін көрсететін арнайы тележобалар мен деректі түсірілімдер жүргізу жоспарланып отырғаны айтылды. Бұл бастамалар киелі Қазығұртты кеңінен танытып, оның туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етпек.
Сондай-ақ, аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы өңірдің әлеуетін дамытуда мұндай шығармашылық топтармен бірлескен жұмыстардың маңызы зор екенін жеткізіп, алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың тарихи мұраға деген құрметін арттыру, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жобаларды күшейту қажеттігі айтылды.
Кездесу соңында түсірілім топ жетекшідері Қазығұрттың тарихи-мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және оны жаңа деңгейге көтеру бағытында бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1208852?lang=kk

Жауап қалдыру