КЕЗЕКТІ ҚОНЫС ТОЙЫ: ШЫМКЕНТТЕ 15 ОТБАСЫ ПӘТЕР КІЛТІН АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

КЕЗЕКТІ ҚОНЫС ТОЙЫ: ШЫМКЕНТТЕ 15 ОТБАСЫ ПӘТЕР КІЛТІН АЛДЫ

🔷 Шымкент қаласында жалдамалы пәтерлердің кілтін табыстауға қатысты салтанатты рәсімі өтті. Жаңа баспанаға ие болған 15 отбасының қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, толық емес отбасылар бар.

🔷 Салтанатты жиында қала әкімі қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, бұл іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқанын және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

🔷 Айта кету керек, жалдамалы пәтерлер Шымкент қаласы бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілді. Пәтерлерді бөлу тетігі оның ашықтығы мен тиісті заңдылығын қамтамасыз етеді.

🔷 Жаңа пәтерлер Асар-2 шағынауданындағы көп қабатты үйлерде орналасқан. Нысандар барлық құрылыс талабы мен стандарттарына сай пайдалануға берілген, инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген және қоныстануға дайын.

🔷 Қалада тұрғындарын үй-жаймен қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру алдағы уақытта да жалғасып, азаматтардың баспана мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге бағытталады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1208841?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді