«Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Заң және Тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында «Дина» сауда үйінде Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаеваның қатысуымен «Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді.
Аталған акция – тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы құқықтық кеңес берудің жарқын үлгісі. Аталған іс-шара халық құқықтық сауаттылығын арттыруға және қолданыстағы Заңнама талаптарын кеңінен түсіндіруге бағытталған.
Акцияда Департамент басшысы Г.У. Кыстаубаева тұрғындармен тікелей жүздесіп, олардың құқықтық сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, тұрғын үй, жер қатынастары бөлімінің өкілдері, жұмыспен қамту бөлімдері, Отбасы банкі мамандары, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылары мен Заң клиникасының студенттері тұрғындарға жан-жақты құқықтық кеңестер ұсынды.
Тұрғындар өздерін толғандарын мәселелер бойынша нақты әрі түсінікті жауаптар алып, заң аясында әрекет етудің тиімді жолдарымен танысты. Әсіресе азаматтардың есепшоттың бұғатталуы, әлеуметтік, тұрғын үй, отбасы және еңбек қатынастарына қатысты сауалдарына жауап беріліп, қолданыстағы Заңнама талаптарына сәйкес түсініктеме берілді.
Азаматтардың құқықтық ақпаратқа қол жетімділігін арттыру және цифрлық трансформация шеңберінде азаматтарға құқықтық кеңес беруге арналған жасанды интеллект агент чат-ботының және «AdiletGov» қосымшасындағы «Тараптар кабинетінің» жұмысы насихатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1209039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді